14.03.2017
«Алтын сақа» жаңа қойылымдар фестивалі өтеді
Алматыда 14-19 наурыз аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында халықаралық театр күні мен Ғ.Мүсіреповтің 115 жылдығына арналған «Алтын сақа» атты жаңа қойылымдар фестивалі болады.
Театр репертуарындағы 2016 жылдың наурызы мен 2017 жылдың наурызы аралығында сахналанған балалар қойылымдары және кешкі қойылымдар сайысқа түсетін болады.
Фестиваль жүлделері:
1. «Жыл актеры»
Фестивальдің қазылар алқасы:
Еркін Жуасбек - Өнертану ғылымдарының кандидаты
Есмұхан Обаев - Қазақстанның халық артисі, профессор
Сатыбалды Нарымбетов - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Сәуле Әбединова - Өнертану ғылымдарының магистрі
24 наурыз күні, сағат 18.30-да фестиваль нәтижелері жарияланып, концерттік бағдарлама ұсынылады.
|
|||
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті |